Назад к списку

АЛМАС ҚЫЛЫШ ФИЛЬМІН КӨРУГЕ ГОЛЛИВУД АКТЕРІ КЕЛДІ 


Алматыға Кэри-Хироюки Тагава келді. Голливуд актеріне «Алмас Қылыш» фильмі арнайы көрсетілді. Бұл Қазақ Хандығының 550 жылдығына арнап түсірілген тың туынды - ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына тарту ретінде көрсетілген. Бес ай көлемінде түсірілім алыңында тер төккен бес жүзге жуық адам барын салып, 15 ғасырдың орта тұсынан сыр шертетін Қазақ Хандығының құрылу тарихын таспалаған. Ал, жыл сайын елімізге келіп тұратын Тагава мырза, Қазақстанға келген сайын ерекше әсер алып, шабытым оянады, дейді. Қалың қазақ көптен күткен «Алмас қылыш» кинодастаны 10 сериядан тұратын «Қазақ елі» телехикаясының кинонұсқасы. Фильм режиссері - Рүстем Әбдрашев туынды түсірілімі орын алған қиындықтарының бірі – оның монтажы дейді. Ал, Алмас Қылыш фильмін арнайы көруге келген актер оған өте жоғары баға берді.