Назад к списку

Айсауле Бақытбек итіне әкесінің тегін берді 


Елімізге танымал продюсер Баян Мақсатқызының тұңғышы Айсәуле Бақытбек үйіндегі Калифорниялық итіне әкесінің тегін беріп, оған тіпті арнайы парақша ашып қойды. Бұл оның итіне деген шексіз махаббаты ма әлде әлеуметтік желіге деген тәуелділік пе? ЛА есімді сүйікті итінің парақшасын Айсәуленің өзі де, оның анасы Баян да желідегі парақшасында жазып, бүгінде белсенді түрде жарнамалау үстінде. Тіпті бүгінде ЛА-ның 2400 ге жуық оқырмандары да бар көрінеді. Итінің атынан жазба қалдырған Айсәуле әкесін итінің "атасы" деп атады.