Назад к списку

Адриана Лима Victoria’s Secret компаниясының «ең қымбат» моделі атанды!  

Әлеуметтік желілерде трендтерге мониторинг жасайтын D’Marie консалтингтік компанияның сарапшылары жарнама науқандарының, брендтердің танымалдылығына және модельдердің оларды сатуға қаншалықты ықпал жасай алатыны туралы жаңа рейтінг шығарды. 35- жастағы манекенші, модель әлемінің биік шыңында ұзақ уақыт жүру үшін барынша жұмыс жасауда. Өйткені, ол брендпен 20 жыл бойы қызмет жасап келе жатыр. Бұл бразилиялық модельге «марканың ең бағалы періштесі» деген ат берілді. Екінші орынды тағы да бразилиялық сұлу Алессандре Амбросио иеленсе, үшінші орында 20-жастағы Тейлор Хилл тұр. Ең үздік бестіктің ішінде 23-жастағы Жозефин Скривер мен 31-жастағы Лили Олдридж бар. Бірақ көбісінің көзайымына айналған Жизель Бюндхен мен Миранда Керр мұндай беделді рейтингтің тізіміне кірмеген. Оның себебі – жұмбақ түрде қалып отыр.