Назад к списку

«Золотой глобус» премиясының екі бірдей номинациясына ұсынылған - Зверопой анимациялық мультфильмі! 


Банктерді тонайтын ұрысың ба, әлде үй шаруасындағы әйелсің бе, ол маңызды емес. Жануарларда жұлдыз болғысы келеді. Торай, өгіз, тіпті піл де атақ-даңққа бөленгісі келеді. Бірақ дарынды болу жеткілікті ме, әлде басқа да қасиеттер керек пе? Бұл сұраққа торай, өгіз, піл жауап береді. Картинаның сюжеті бойынша, театр қожайыны Бастер Мум есімді қалталы аю театры жабылып қалмауы үшін оның жолдарын іздестіріп, өзінің серіктесі қозы Эддимен бірге амал-айла ойлап табады. Олар қаланың әрбір тұрғыны келіп қатыса алатын әншілер конкурсын ұйымдастырады. Атақ-даңққа ұмтылуға ат салысып, ең үздік бестіктің ішіне кіргендер; әрдайым жанұяның қамымен қолдары тимей жүретін көп балалы торайлардың шешесі Розита мен оның серіктесі Гюнтер, құмар ойындарға әуесқой, менменшіл ақ тышқан Майк, өзіне панк-рок бағытын таңдаған кірпікшешен Эш, сахнаға шығудан қатты қорқатын жас піл Мина мен әкесі сияқты қылмыспен айналыспай, өзін әнші ретінде сынауға келген маймыл Джонни. Фильмде танымал орындаушылардың 85 композициясы, оның ішінде Стив Уандер мен Ариана Грандтың — «Faith» түпнұсқалық әні бар. Картина ақпан айының 23-ші жұлдызынан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіледі.