Назад к списку

"Универсиада-2017" додасында тек отандық жұлдыздар өнер көрсетеді 


Алматыда өтетін 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға санаулы күндер қалды. Қаңтардың 29-нан бастап 8-ші ақпан аралығында өтетін жарысқа 2 мыңға жуық спортшы, 30 мыңға жуық отандық және шетелдік турист келеді деп күтілуде. Осы тұрғыда, ұйымдастырушылар шет елдік қонақтарға қазақтың дәстүрін, музыкасын, қолөнерін, мәдениетін кеңінен таныстыру аясында бірнеше ірі жобаларды қолға алған. Соның бірі - Алатау алаңы атты этнофестивалі. Ал, мәдени бағдарламар жобасының қоюшы-режиссёрінің айтуынша, Универсиада аясындағы мәдени іс-шаралардың әрбір 11 күні, түрлі 11 тақырыптарымен ерекше атап өтілмек. Соның бірі Универсиада даусы жобасы. Концерттік бағдарламаларда тек қазақ эстрадасының танымал әртістері өнер көрсетеді.