Назад к списку

«Соқыр қыз» атанған Сивиді жары неге қызғанбады?  


Қызыл кілем, бүгінгі жиынның басты кейіпкерлері – Сиви Махмуди мен Ренат Баситов бастаған топ, актер, актрисалар және құттықтауын арқалай келген өзге де шоу бизнес өкілдері. Алматы кинотеатрларының бірінде Отандық кинолар санын толықтыру мақсатымен түсірілген «Соқыр Махаббат» атты мелодраманыңтұсаукесері өтті. Зағип жанды сомдаған Сиви Махмудидің айтуынша, бұл рөлді алып шығу аса оңайға соқпаған көрінеді. Десе де, түсірілімнің кейбір ауыр сәттеріне шыдап баққан актрисамыз өз рөлін шынайы сомдап шығуы үшін барын салған көрінеді.