Назад к списку

«Славян базары-2015» халықаралық байқауының гран-при жүлдегері Димаш Құдайберген неге қазір ғана әйгілі бола бастады? 


24 жылда тұңғыш рет «Славян базары-2015» халықаралық байқауында Димаш Құдайберген бірінші рет гран-при жүлдесін алған қазақ әншісі. Бірақ ол кезде Димаштың өнерін қазақ эстрадасы дұрыс бағалай алмаған сыңайлы. Өйткені, Димаш қазір аспан асты елінде өтіп жатқан «I am a singer» байқауында топ жарып келе жатыр. Әншінің өнеріне қытайлықтар аса жоғары баға берді. Бұл байқауда Димаш стильімен де ерекшеленді. Осы орайда Муззон арнасы қазақстандық дизайнер Леонид Жеребцовтан Димаштың киіміне қатысты пікірін сұрап көруді жөн көрді.