Назад к списку

Әнші Меруерт Түсіпбаева мен дизайнер Жадо татуласты! 


Бүгін Алматыда бірнеше айға созылған Жадо мен Меруерт Түсіпбаева арасындағы дау бойынша сот отырысы өтті. Сотқа бірі келсе екіншісі келмей жүрген сәнгер мен әнші осы жолы жолықты. Сот істі қарамас бұрын шағымданушы Жадо мен Меруерт Түсіпбаеваны мәмілеге келуге шақырды. Жасы кіші болғандықтан Жадыра Сахиева әнші әпкесінен бірінші болып кешірім сұрады. Осы уақытқа дейін Жадыраның үстінен шағым түсіріп жүрген әнші Түсіпбаева сотта басқаша құбылды. Әрі өзінің айтқан сөздері үшін желі қолданушылары мен журналистерді кінәлады.