Назад к списку

Әнші Карина Абдуллина балгерлікпен айналыса бастады  


«Мюзикола» тобының бұрынғы әншісі Карина Абдуллина балгерлікпен айналыса бастады. Ол «Таро» картасы арқылы болашақты болжап жүр. Бұл туралы әнші 1-ші сәуір күні өзінің facebook парақшасында жария еткен.«Сіздерді мазалап жүрген сұрақтарға жауап беремін, қарым-қатынастың қалай өрбитінін және тағы да басқа көптеген нәрселерді айтамын», – деп жазды Карина. Сеанс құны – 5000 теңге. Келушілерге әншінің қолтаңбасы сыйлыққа беріледі екен. Әншінің айтуынша, оның қызметіне жүгінгісі келетіндер саны көп. Сондықтан да ол қызығушылық танытқандарды алдын ала жазылуды сұрады. Мүмкін бұл әншінің күлкі күніне орай ұйымдастырған әзілі шығар немесе шынымен де, осы кәсіппен айналысуды жөн көрген болар.