Назад к списку

Әнші Ернар Айдар жол апатына ұшырады 


Әнші Ернар Айдар жантүршігерлік жол апатына ұшырады. Әнші қазіргі уақытта өмірі үшін күресіп жатыр. Бұл туралы Ернардың желідегі фан-парақшасы жария етті. “Достар, бауырлар! Назар аударыңыздар! Сәуір айының 11-нен 12-сіне қараған түні, Шымкент-Алматы тас жолында Ернар Айдар мінген көлік үлкен жол апатына ұшырады. Нақты дереккөзге сүйенсек, Қазіргі уақытта Ернар аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр екен. Ота жасалған. Алайда оның өміріне әлі де қауіп төніп тұрған көрінеді.