Назад к списку

Әнші Әдемі итальяндық жігітін тастап, түркиялық кәсіпкермен көңіл қосты!  


Бұл жолы қазақстандық әнші расымен де ғашық болып қалған ұқсайды. Ол күйеужігітінің аты-жөнін атап, оның қызметі туралы айтып берді. Тіпті, суретін көрсетті. Алайда соңғы сәтте ол туралы ақпаратты таратпауды өтінді. Десе де Әдемінің таңдаған жігіті кәсіпкерлікпен айналысатыны белгілі болды. 40 жастағы азамат бұған дейін некеде болған. Қос ғашық Түркияның Белек қаласында танысқан. Бассейннің қасында отырған Адемиды көрген кезде түрік азаматы оның әнші екенін білмеген. Тек оның сұлулығына қайран қалып, ғашық болып қалған.Небәрі бірнеше күннен кейін ол Әдеміге жүрегін ұсынған. Ал итальяндық әнші Валтер Риччимен қарым-қатынасын Әдемі ғаламтор арқылы үзген.