Назад к списку

«Көктөбе опера-2017» музыка фестивалі өтті 


Алматының ең көрікті демалыс орындарының бірі, қала тұрғындары мен қонақтарының жүрегінен орын алған Көктөбеде «Көктөбе опера-2017» атты ашық аспан астындағы музыка фестивалі өтті. Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова мен қала әкімі Бауыржан Байбек қатысқан бұл шара алматылықтарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.