Назад к списку

«Келинка тоже человек» фильмінің саундтрегіне бейнебаян түсірілуде. 


Аты алты алашқа әйгілі күміс көмей әнші әрі актриса Роза Рымбаеваның жаңа бейнебаяны түсірілуде. Аталмыш бейнебаян режиссер Асқар Ұзабаевтің «Келинка тоже человек» атты отбасылық комедиялық фильмнің саундтрегі болмақ. Роза Қуанышқызының орындауындағы әннің сөзі Абдрахман Асылбековтікі, ал әуені әншінің үлкен ұлы, белгілі әнші Әли Оқаповтікі. Бейнебаян режиссері Ернар Нұрғалиев. Жаңа туындыда халық әртісі тек үлкен ұлымен ғана емес, сонымен қатар кенжесі де көрінетін болады.