Назад к списку

Қайрат Нұртас рэпер атанды 


Еліміздің белгілі «хитмэн» әншісі Қайрат Нұртас тыңдармандарын таң қалдырудан жалығар емес. Гастрольдік сапармен ел аралап жүрген әнші өзінің концерттерінің бірінде жас бүлдіршінмен ән айтып қана қоймай, өзіне мүлде жат бағытта рэп орындап, көпшіліктің таңдайын қақтырды. Әншінің продюсері әрі анасы Гүлзира Айдарбекова желідегі оқырмандарына Қайраттың гастрольдегі сапарынан қызықты видеолар көрсетіп, ұлын тағы да өзге қырынан танытты.