Назад к списку

ӘЙГІЛІ ӘНШІ СЕРІКБОЛ САЙЛАУБЕК ҰЛЫН ПЕРЗЕНТХАНАДАН ШЫҒАРДЫ 


Бүкіл қазақ халқын «Ой жеңге» әнімен жер тепкілетіп билеткен Серікбол Сайлаубек төртінші мәрте әке атанды. Толқыған көңіл күй, әкелік сезім, жауапкершілік. Тоғыз ай, тоғыз күн толғатқан жарының босануын көптен күткен ол перзентхана алдына қымбат автокөліктермен шерулетіп келумен қатар, арнайы оркестр құрып, музыкалық көңіл-күйді де ерекше әзірлепті. Бұл Серікбол мен жарының көптен күткен сәбилері. Жарын перзентхана алдында түрлі-түсті шарлар, құшақ-құшақ гүлдер мен ақ тілектер күтіп тұрды.Өмірлік серігін бір құшақ гүлмен қарсы алып, қолына төртінші сәбиін алған әншінің қуанышында шек болмады.