Назад к списку

BN тобы тағы да жаңа бейнебаян дайындау үстінде 


BN тобының мүшесі Алишер Әскербеков ғашық болып қалыпты. Алайда ол сезімін өзінің ғашығына білдіруге асықпайды. Керісінше, оның шамына тиіп, ренжітуден алдына жан салмайтын кейіпкерге айналады. Жо-жоқ, шынайы өмірде емес, бұл жолы жаңа бейнебаянда. Жасөспірімдерден құрылған топ тағы да көрермендерін жаңа бейнебаямен қуантуды көздеп жүрген сияқты. Мектеп оқушылары бұл жолы жаңа туындыларын бір жарым ай бұрын жарыққа шыққан «Бір сен» атты әндеріне түсіруді жөн көріпті.