Назад к списку

«Алтын микрофон» иелері анықталды 

Осымен V мәрте ұйымдастырылған «Алтын микрофон» Ұлттық музыкалық бәйгесінің үздіктері белгілі болды. Отандық жұлдыздар әдеттегідей 30 номинация бойынша марапатталды. Аталмыш шара дәстүрлі түрде жыл сайын өтеді. Бұл жылғы музыка бәйгесі жаңа есімдер мен жаңа номинациялармен ерекшеленді. Сонымен, ерекше дауыс иесі номинациясын Серікбол Сайлаубек алса, үздік жанды дауыстағы орындаушы марапаты Айқынға бұйырды. Қазақтың рухын көтеретін әндер айтып жүрген Өмірқұл Айниязов – үздік патриоттық әні үшін марапатталды. Ең үздік жігіттер тобы «Рензо» атанса, ең үздік қыздар тобы номинациясы бойынша, он жыл өнерде жүрген «Асыл» тобы иеленді, Жылдың ең үздік әнші қызы Санда, ал әнші Ғаділбек көрермен көзайымы ханзадасы атағын алды. Ал, жылдың үздік дуэті Роза Әлқожа мен Еркін Нұржановтың қоржынында. Ән мен бірге сән саласы да қамтылған байқауда халыққа танымал Жадыра Сахиева үздік дизайнер номинациясымен марапатталды.