Назад к списку

«All Давай» тобының сұр бойдақ әншісі үйленгелі жатыр 


«All Давай» тобының сұр бойдақ әншісі Шоқан Маратұлы уәдесінде тұрды. Осыдан бірнеше ай бұрын әнші Гелендвагенге қол жеткізсе, келін алатынын айтқан еді. Күні кеше Шоқан сүйіктісіне тағы да бір рет сезімін білдірді. Әнші Алматыдағы кинотеатрлардың бірінде болашақ жарына үйлену туралы ұсыныс жасады. Өз сөзінде Шоқан өмір бойы күткен қызды жолықтырғанын айтты. Естеріңізде болса, Шоқан досымен бәстесіп, небәрі 2 айдын ішінде Гелендваген автокөлігіне қол жеткізді. Сонда әнші “алдымен гелен, сосын келін” деген болатын.