Назад к списку

7 жыл бұрын құралған кореялық Sistar қыздар тобы тарады! 


2010-шы жылдың мамыр айында құрылып 7 жыл бойы тыңдармандарын әсем әндерімен қуантып келген Sistar кореялық қыздартобы соңғы бейнебаяндарын жарыққа шығарды. Аталмыш топ “Lonely” атты әнге бейнебаян түсіріп, Youtube желісіне жүктеді. Бейнебаян қыздардың бірге қыдырып, бірге көңіл көтергендері туралы түсіріліген.Топ құрамында Хёрин, Бора, Сою, Дасом есімді қыздар өнер көрсеткен болатын, Хёрин мен Сою әншілік қызметтерін әрі қарай жалғастыра береді ал Бора мен Дасом енді өздерін актерлік жақтарынан сынап көрмек. Жуырда қыздар Оңтүстік Кореядағы бірнеше жобаларға қатысып, жанкүйерлерімен қоштасты.