Назад к списку

2017 жылдың ақпан айында «Каникулы в Таиланде» комедиясы жарыққа шығады! 

Картинаның режиссері Ален Ниязбековтың айтуынша, бұл фильм жастардың қызықты шытырман оқиғаларына толы болмақ және «Мальчишник в Вегасе», «Американский пирог» стильінде комедиялық жанрда түсірілген. Фильмнің сюжеті – екі тарихтан тұрады, Алматыдағы бір топ студенттің Таиландтағы екінші топпен жұмбақ жағдайда кездесуі. Туындының басым бөлігін Таиланда 24 күн бойы түсірген.Негізгі рөлдерді дебютанттар Диора Романова, Мадина және Медина Талипбек, Газрет Ержанов, Айсалкын Ринаткызы және басқалар орындады. Сондай-ақ фильмде көрермен өздеріне таныс Нұрлан Қоянбаевты және Дәулет Бижановты көре алады.